СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде 171 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша, жалпы ауырғандар саны 21 мыңға жуықтады.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 759 адам ем алып жатыр. Тағы 1240 адам амбулаторлық емделуге жіберіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған.
Жалпы облыста коронавирус жұқтырғандарға арналған 1715 орын бар. Бүгінде ол 44 %-ға толық.
Жансақтау бөлімдерінде жағдайы ауыр 67 сырқат жатыр. Тек өткен тәулікте 6 адам қайтыс болды. Осылайша, СҚО-да коронавирустан көз жұмғандардың саны 95-ке жетті.