25 ақпан күні Тайынша ауданының полиция бөліміне аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында есік алдындағы қора-қопсының артқы жағына жасырылған пакеттен зорлықпен өлтірілген қыз баланың мәйітін тапты. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша тіркелді. Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Өлім себептерін анықтау үшін жаңа туған нәрестенің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген ақпаратта.15:37, 26 Ақпан 2020
СҚО-да пакеттен шақалақтың денесі табылды: Анасының үстінен іс қозғалды
ТАЙЫНША. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында пакетке салынған шақалақтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.