Абдрахманов Е. қол астындағы қызметкерлердің бірін жұмыстан шығарамын деп қорқытса, біріне қызмет бабы бойынша қамқорлық көрсететінін айтып, олардан жүйелі түрде ақша қаражатын алып келген.
Өзінің қылмыстық әрекеттерімен Абдрахманов Е. заңсыз түрде 1 500 000 теңге алғаны белгілі болды. Ол 250 000 теңге сомасындағы кезекті парасын алу үстінде қолға түсті.
Қазіргі уақытта лауазымды тұлға Петропавл қаласындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.