СҚО-да пайдаланусыз жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды
Бүгінде аймақта кейін аграрлық секторды дамытатын меншік иесіне тапсыру үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысының соттарына жауапкерлер тарапынан шарттық міндеттемелерді бұзуға жол беру негізі бойынша арнайы жер қорына жататын жер телімдерін жалға беру шарттарын бұзу туралы мемлекеттік органдардан талап қою арыздары түсуде.
Солтүстік Қазақстан облысының соттарында тұрақты сот практикасы қалыптасқан. Соттар шаруашылық субъектілері жер телімдерін жалға алу келісімшарттарындағы шарттарды елеулі бұзғаны анықталған жағдайда, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару туралы мемлекеттік органдардың талап қою арыздары толық көлемде қанағаттандырылады.
Сондай-ақ әкімдіктердің конкурссыз немесе аукционсыз жер телімдерін беруі жер заңнамасын бұзушылық болып табылады және сәйкесінше әкімдіктің заңсыз қаулысын орындау мақсатында жасалған мәмілені жарамсыз деп тану, талап арызды қанағаттандыру үшін негіз болады.
Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері және жер ресурстарын басқару комитеті» РММ-нің Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкіміне, «Уәлиханов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не және «Донское» ЖШС-не талап қою арызы қанаттандырылған және жалпы аумағы 336 385 га мал шаруашылығы мен тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін беру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы №78 қаулысының негізінде «Уәлиханов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мен «Донское» ЖШС-нің арасында 2008 жылғы 16 мамырда жасалған жер телімдерін жалға беру жөніндегі сегіз шарт жарамыз деп танылған.