СҚО-да полицейлер зейнеткер әйелді өлтіруде күдікті деп танылған ауданы орталығы - Саумалкөл тұрғынын ұстады

ПЕТРОПАВЛ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - СҚО Айыртау аудандық ІІБ-нің полицейлері зейнеткер әйелді өлтіруде күдікті деп танылған аудан орталығы - Саумалкөл тұрғынын ұстады, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Айыртау АІІБ-не Саумалкөл ауылындағы үйлердің бірінде 68 жастағы жалғызбасты зейнеткер әйелдің мүрдесі анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әйел кеудесіне пышақ салынғаннан қайтыс болды.

Бірінші болып ауылдасының мүрдесін оның танысы анықтап, бұл туралы бірден учаскелік полицейге хабарлағаны анықталды. Сұрау барысында ер адам кешке оған қонаққа келгенде оның өлі денесін анықтағанын айтып берді.

АІІБ қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізді. Бірінші кезекте жәбірленушінің көршілерін сұрастырды. Соның нәтижесінде зейнеткердің 35 жастағы көршісі ұсталды. Ер адам мас күйінде болған, полицейлерді көрсе салып, зейнеткер әйелді өлтіргенін мойындады. Ол ұсталып, АІІБ-не жеткізілді.

Тергеу барысында ұсталған азамат сол күні жәбірленушінің үйінде болып, онымен бірге спирттік ішімдіктерді ішкенін айтып берді. Соның барысында олардың арасында ұрыс туындаған, ер адам үй иесінің қонағын негізсіз балағаттағаны, сол арқылы оны қатты ашуландырғанын айтты. Ренжіген қонақ асүйден пышақ алып, оны диванның үстінде жатқан әйелдің жүрегіне салды. Одан кейін бірден үйіне қашып кетті.

Қазіргі уақытта мүліктік қылмыстары үшін бұрын сотталған саумалкөлдік азамат АІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды, аталған фактімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.