СҚО прокуратурасының мәліметінше, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильдік топтардың жұмыс нәтижесі бойынша кеңес өтті.
Өткен кезеңде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топтың телефонына 69 шағым келіп түсті, оның 5-і ғана расталды, 35-і расталмады, 29-ы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Мәселен, тамыз айының басында Петропавл қалалық полиция басқармасына И.В. Семашко арызданған. Кәсіпкер А.М.Сүлейманов пен тағы бірнеше адамның мүлікті заңсыз ұстағаны туралы айтып, шара қолдануды сұраған. Мүлікті заңсыз ұстау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мобильді топ хабарлама бойынша сол жерге шығып, И.В.Семашко мен А.М.Сүлейманов арасында азаматтық-құқықтық дау екенін анықтаған. Олар жартылай тіркеме-цистерна мен көмірқышқыл баллондарын бөлісе алмаған. Яғни қылмыстық қудалау органында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болмаған.
Осыған байланысты Петропавл қаласының прокуратурасы қылмыстық құқық бұзушылық құрамның болмауына байланысты іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатты.
Сондай-ақ мобильді топқа хабарласуының нәтижесінде мемлекеттік сатып алудан заңсыз шеттетілген кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Тағы бір шағымда бизнес өкілдері полиция тарапынан екі тексерістің заңсыз жүргізілейін деп жатқанын айтып, мәселе оң шешілді.
СҚО-ның барлық ауданында және Петропавлда кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. Мобильді топтарды прокурор басқарады, сондай-ақ құрамына Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік қызметкерлері, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
Оған 8-715-2-36-03-83, 8-705-842-73-06 телефондары арқылы хабарласуға болады, байланыс телефоны тәулік бойы жұмыс істейді.