СҚО-да прокурорлар нәрестелердің шетінеуінің себептерін айтты
Талдау нәтижесі уәкілетті органдар мен ұйымдардың нәресте өлім-жітімінің фактілерін төмендету бойынша жүргізілген жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетті, деп хабарлады СҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Жекелеген емдеу мекемелерінің жұмысы кезінде дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің медициналық көмекті сапасыз көрсеткен, аналарды қауіп белгілерімен хабардар етпеу жағдайлары анықталды. Ультрадыбысты зерттеу жүргізу және уақтылы скрининг жүргізу үшін кадрлардың медициналық техникамен жарақталуын талдау кезінде аурруханаларда жоғары білікті, бейінді УДЗ мамандары жоқ екені, перинатальдық диагностикалауға арналмаған, жарамсыз ультрадыбысты зерттеу техникалары анықталды», - делінген хабарламада.
Прокурорлар қалыптасқан жағдай осы бағыт бойынша халықпен жұмыстың жаңа әдістерін әзірлеуді, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді тартуды қажет ететініне сенімді.