СҚО-да республикалық жолдың бір учаскесі жабылды

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

— 2025 жылғы 20 ақпан сағат 08:00–де келесі республикалық маңызы бар жолдарда теміржол өткелін жөндеу және резинотехникалық жабынын ауыстыруға байланысты «Петерфельд-Архангельск-Новокаменка» және «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 0-13 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Петерфельд ауылы -Архангельск ауылы) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл ретте жолды 2025 жылғы 20 ақпан сағат 19:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Осыған дейін еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны мәлім болды.