СҚО-да санитариялық қызмет жұмыс уақытын өзгертті
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында санитариялық қызмет жұмысты енді бір сағатқа ерте бастайды.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде мемлекеттік органдар арасында жұмыс кестесін ауыстырғандардың алғашқысы.
Ведомствоның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес, облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аудандық басқармаларының жұмыс уақыты режимі өзгерді.
Жаңа кесте бойынша енді сағат 08:00–ден 17:30–ға дейін жұмыс, ал түскі үзіліс сағат 13:00–ден 14:30–ға дейін өзгеріссіз қалды.
— Ауыстырмас бұрын біздің пікірімізді білді, сауалнама жүргізді. Жұмыс уақытының үш нұсқасы болды, біріншісі — өзгеріссіз қалдыру, екіншісінде жұмысты сағат 8,30-да, ал үшіншісінде сағат 8.00-де бастау ұсынылды.
Біздің комитет жаңа жұмыс кестесіне толық ауысқаннан кейін бізге де жаңа режиммен істеу ыңғайлы, — дейді департаменттің бас маманы Айнаш Сағандықова.
Естеріңізге салайық, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданы жұмыс уақытын көктемде бір сағатқа шегерген болатын.