«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы құбылмалы болады. Күндіз ауа 16… 19 °C-қа дейін жылынса, түнде 0… 10 °C аралығында болады.
Екінші және үшінші онкүндікте ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Түнде -2…-5 °C-тан 15… 18 °C-қа дейін жоғарылайды. Ал күндіз сынап бағанасы -1… 3 °C-тан 18 °C-қа дейін көрсетеді. Тек ай соңында суық ауа ағыны байқалып, кей жерлерде түнде -2 °C-қа дейін төмендеуі мүмкін, ал күндіз 5… 10°C шамасында болады.
Сәуір айындағы жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормаға сәйкес 17-33 мм болады. Жаңбыр жиі, бірақ аз мөлшерде жауады.
Сонымен қатар кей күндері екпіні секундына 28 метрге дейін жететін жел тұруы мүмкін. Кей аймақтарда шаңды дауылдар болады деп болжанған.
Бұған дейін СҚО-да еріген қар суы жолды шайып кеткенін жазған едік.