«Біздің Солтүстік Қазақстандағы филиалымыз сайлау науқанының барлық кезеңіне мониторинг жүргізді. Бұл ретте барлық үдеріс ашық әрі заңнама талаптарына сәйкес өткізілді», - деді орталықтың жетекшісі Сергей Худяков.
Жалпы СҚО-дағы дауыс беру барысын байқауға өңірдегі 13 аудан мен Петропавл қаласындағы әрбір сайлау учаскесінде 697 байқаушы тартылды.
«Сайлау күнінде біздің сайлаушылар жоғары белсенділік танытты. Учаскелер жоғары деңгейде дайындалып, сайлау комиссиялары халыққа тиісті жағдайды жасады», - деді С. Худяков.