СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, өзін өзі ұсынған үміткерлердің 2 ер және 3 әйел адам.
Екі кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды - декаларацияны тапсырғаны және сайлау жарнасын төлегені туралы түбіртектің болмауынан тіркеуден өткен жоқ.
Бір үміткер өз еркімен кандидаттығын алып тастау жөніндегі өтініші бойынша тіркеуден алынды.
Нәтижесінде 14 қаңтар күні екі адам сайлауға түседі, олар:
1. Лаура Советқызы Қайыржанова, 1969 жылы туған, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі;
2. Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Үміткерлердің орта жасы 49-да. Мамандығы бойынша екі үміткер де оқытушы.
Ал таңдаушылар тізіміне барлық деңгейдегі мәслихаттардың 187 депутаты енгізілді.
Сенат депутатын сайлау 14 қаңтар күні сағат 11-00-де Н.Погодин атындағы орыс драма театрында таңдаушылардың бірлескен отырысында өтеді.