СҚО-да шетел азаматы экстремистік бағыттағы әдебиетті таратпақ болған

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері діни бағыт бойынша 17 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полициядепартаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, осы құқық бұзушылықтыңішінде 13 факті заңсыз діни әдебиеттерді таратуға тиесілі. Осындай кітаптардыңсатылатыны туралы хабарламалардың басым бөлігі интернеттен табылды.


Мәмлүтаудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 37 жастағы Қырғызстан азаматын жауапқатартты. Оның көлігінен сот экстремистік деп таныған діни тақырыптағы кітаптартабылды.


«Құқықбұзушының айтуынша, ол бұл кітапты Қазақстанға әкелуге тыйым салынғанынбілмеген. Дегенмен, заңды білмеген адам жауапкершіліктен босатылмайды. Тыйымсалынған әдебиеттер тізімі ҚР Бас прокуратурасының сайтында бар», - дедіэкстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Руслан Мұхамбетжанов.


Полицейлердіни кітаптарды жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бар арнайы дүкендердеғана таратуға болатынын еске салды. Өңірде ондай дүкендер саны - 12.