СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурыздағы жағдай бойынша 1«а» санатына жататын елдерден, яғни Германиядан – 5, Испаниядан - 3 адам келген. Олар облыстағы карантиндік стационарларға жатқызылды.
Дәрігерлер 14 күн бойы бұл адамдардың денсаулығын бақылауда ұстайды. 1«б» санатына жататын Польшадан 4 адам келіп, бүгінде олар үй жағдайында карантинге алынды. 2 санаттағы шет елдерден облысқа 18 адам келді. Олардың 11 - БАӘ, 5 – Тайландтан, 1- Ұлыбританиядан және 1 адам – АҚШ-тан. Мамандар олардың жағдайын қашықтан, күнделікті телефон арқылы біліп отыр.
«Шеттен келген азаматтар санитарлы-карантиндік бақылауға алынады. Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөткелдерде шекара қызметі барлық азаматтардың, соның ішінде ҚХР-дан, қолайсыз елдерден келгендердің мәліметтерін алып, біздің департаментке жібереді. Біз өз кезегімізде оларды медициналық бақылаудан өткіземіз», - дейді СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы Күлпаш Таласбаева.