СҚО-да шетелдік есепте тұрған автокөліктер арнайы автотұраққа қойылып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері шетелдік нөмір таққан автокөліктерді тоқтатып, көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді тексеріп жатыр.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылдан бастап қазақстандықтарға және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар өзге ел азаматтарына автокөліктерді шетелдік есепте пайдалануға тыйым салынды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Шекара асып келген көліктерді заңдастыруға уақыт берілді. Енді осы уақыт аралығында тіркеуден өтпеген автокөлікті басқару әкімшілік заңнаманы бұзу болып есептеледі. Мұндай көлік иелеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, автокөліктер заңбұзушылық жойылғанға дейін арнайы тұраққа орналастырылады.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

«Бүгінде облыста Қазақстанда тіркелмеген автокөліктердің 15-і автотұраққа қойылды. Автокөлік иелерін елде тіркеу бойынша дереу шара қабылдауды сұраймыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстың түпкі мақсаты — жолдардағы құқық бұзушылықтардың жазасыздығына ықпал ететін жағдайларды жою, жүргізушілердің тәртібін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту», - дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі