СҚО-да шомылу орындарында рейд жүріп жатыр

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құтқару кеудешесі немесе шеңбері жоқ суда жүзу құралдарын пайдаланатындар жазаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметініңхабарлауынша, Есіл өзенінде жүргізілген рейд нәтижесінде «Шағын көлемдікемелерде жеке құтқару құралдарынсыз серуендеу» әкімшілік бабы бойынша екіхаттама толтырылды. Ол бойынша айыппұл 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Петропавл маңындағы Пёстрое көлінде тыйым салынған жерде шомылған адамдарғаекі ескерту жасалды.

Құтқарушылардың айтуынша, рейдтердің басты мақсаты – судағы қауіпсіздіктіқамтамасыз ету. Облыста 11 адам суғабатып кетті. Соның төртеуі көлігімен суға кеткен.

«Өкінішке қарай, барлығы бірдей суға шомылатын қауіпсіз жерді таңдай білмейді.Көптеген тұрғындар шомылуға арналмаған орындарға барады, сондықтан осындайдемалыс қайғылы жағдаймен аяқталып жатады. Акваторияны аралап жүргендеқұтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелері жазылған нұсқаулықты таратады.Сондай-ақ рейд барысында жағалау аймағына 10-нан астам көлік кірігізілмеді», -деп атап өтті баспасөз қызметі.

Судағы адам өлімінің алдын алу бойынша рейдтер шомылу маусымы аяқталғаншажүретін болады.

Соңғы жаңалықтар