Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Қазгидромет» РМК СҚО филиалы мамандары ауа райының болжамымен бөлісті.
— Сәуірде ауаның орташа температурасы 6… 7оС болмақ, бұл әдеттегіден 1 — 2оС жоғары (норма 4,2…5,6 оС). Бірінші және екінші онкүндікте температура түнде 4… 9 оС, күндіз 11… 16 оС, кей жерлерде сынап бағанасы 19 оС дейін көтеріледі. Тек кей күндері суық ауа ағыны салдарынан түнде ауа температурасы 0…-5 оС, күндіз 0… 5 оС дейін төмендейді деп болжанып отыр. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 5 10°С-тан 0… 5°С-қа дейін, күндіз 18 23°С-тан 10 15°С-қа дейін біртіндеп төмендемек, - дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалы гидрометеорологиялық мониторинг бөлімінің басшысы Дәурен Қосшығұлов.
Сәуірде негізінен норма деңгейінде жаңбыр жауады, екпіні 15-20 м/с жететін жиі жел тұрады.
Мамыр айы да жылдағыдан жылы болмақ (норма: 13 14 оС). Десек те кей күндері қысқа мерзімге күн суытып, түнгі уақытта термометр бағаны 0-5 оС жылы, кей жерлерде -2 оС аяз, күндіз 12 17°С болмақ.
— Суық күндер ұзақ тұрмайды. Мамырда кей күндері күндіз 20-25, кей жерлерде 30 оС дейін жылынады. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері облыс бойынша біркелкі емес, 22-43 мм-ге дейін түседі, бұл климаттық нормаға сәйкес келеді (норма 25…39 мм). Ал жаз орташа ыстық, жекелеген күндері сынап бағанасы 28 35 оС дейін көтеріледі, - дейді синоптик.
Маусым айында облыс аумағында ауаның орташа температурасы нормаға сәйкес, 17…20 оС болжанған. Найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел, шаңды дауыл тұрады. Жауын-шашын нормаға сәйкес болмақ.
— Шілде айында ауа температурасы 18…20оС аралығында болжанған. Тамызда ауаның орташа температурасы нормадан 1° жоғары болады (норма 17,0…18,2).
Тамыз айында жауын-шашын мөлшері облыс аумағының басым бөлігінде нормадан аз болады деп болжанған, - дейді облыстық филиал маманы.
Бұған дейін Петропавлда халықаралық маңызы бар жол учаскесін су басқанын жазған едік.