«24 желтоқсан күні сағат 14:00 шамасында СҚО-ның Қызылжар ауданы Чапаево ауылы маңында Петропавл-Астана автожолының 463-шақырымында Hyundai Solaris пен Mazda Demio автокөліктері соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Solaris-тің 33 жастағы жүргізушісі мен Mazda Demio-ның 41 жастағы жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді», - деп мәлімдеді ІІМ-нен.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналуда.