СҚО-да сотталған 104 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде 19 адам есепке алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары бұрын сотталған адамдарды бақылап, тексеріп қана қоймай, сондай-ақ есепте тұрғандарға көмек көрсетуге де міндетті. Қызметкерлер әрқайсысы өз учаскесінде осы санаттағы азаматтармен жұмысқа ерекше көңіл бөледі. Ең бастысы олардың қайта қылмыс пен құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу, алдын алу.

Ұсақ ұрлыққа, қаруды ұқыпсыз сақтауға, заңсыз ағаш кесуге заңнамаға сәйкес түзеу және қоғамдық жұмыстар көзделген. СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметінде қоғамдық жұмыс түрінде жазаға тартылған қазір 19 адам есепте тұр.

Жыл басынан пробация қызметінің есебінен 1925 сотталған өткен, оның 104-і қоғамдық жұмыстарға тартылған. 85 сотталған сот үкімімен тағайындалған 71 сағатты өтеуіне байланысты есептен шығарылды.

Қоғамдық жұмыс барысында сотталғандар негізінен абаттандыру жұмыстарын атқарады: қыста қар тазалауға, жазда көшелерді, саябақтарды, скверлерді тазартуға тартылып, көгалдандырумен айналысады. Төтенше жағдай кезінде аялдама павильондары мен подъездерді дезинфекциялаумен айналысты.

Мамандардың айтуынша, сотталғандар қоғамдық жұмыстан жалтарған жағдайда теріс қылығы үшін одан да қатаң жаза қолданылады.