Осы орталықты ашу идеясын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті алға тартқан.
Департамент басшысы Елена Степаненконың айтуынша, студенттерге қызмет көрсету орталығы «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді әрі мұнда электронды қызметтерге басымдық беріледі.
«Мұндағы бүкіл қызметтер барынша қолайлы етілген. Студенттердің уақыты үнемделеді, сонымен қатар қағаз құжаттар да біршама қысқарды. Орталықтың ашылуы білім алушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәдениетін арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз», - дейді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.