СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауданға аттанған алғашқы топтың құрамында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және «Жедел-құтқару жасағы» РММ бөлімшелерінің құтқарушылары мен өрт сөндіруші-құтқарушылары бар. Олар өтімділігі жоғары арнайы екі автокөлікпен және моторлы қайықпен жарақтандырылған.
Мамандар адамдарды құтқару және эвакуациялаумен, кіші өзендерде мұз кесумен, су тасқыны жағдайын мониторингтен өткізумен және жағдай нашарлаған кезде халыққа өзге де көмек көрсетумен айналысады.
Арнайы жасақ Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка және Чистополье елді мекендеріне барып, орналасып, су айдындарын тексеруге және өздеріне бөлінген учаскелерде жұмысты жоспарлауға кіріседі.
Жалпы СҚО-да 87 елді мекен су басу қаупі жоғары аумақта орналасқан. Қыс басталғалы 1,6 млн текше метр қар шығарылды. Бұл соңғы 7 жылдағы рекордтық көрсеткіш.