СҚО-да су бойында өзін ұстау қағидаларын бұзғандар жазаланды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда және СҚО аудандарында полицейлер шомылуға рұқсат етілмеген орындарда 176 рейд жүргізді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шомылу маусымы басталар алында 327 ата-аналар жиналысы өтті. Оларға суда баланы қараусыз қалдыруға болмайтыны айтылды. Алайда рейд кезінде полицейлер  ересектердің қарауынсыз балалардың шомылып жүргенін анықтады.

Демалыс лагерлерінде, аула клубтарында, балалар алаңдарында алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Балаларға  суда өзін-өзі ұстау қағидалары туралы айтылуда. Таза ауада ішкенді ұнататын ересектер де баса назарда. ӘҚтК 364-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 108 адам тартылды. Оларға суда қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін ескерту жасалды.

«СҚО-да жыл басынан бастап 17 адам суға кетті, оның 4-еуі кәмелеттік жасқа толмағандар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. 11 адам көз жұмды. Суда демалуға рұқсат етілген орындарда үш жазатайым оқиға тіркелді. Екі адам балық аулау кезінде суға кетсе, 4 адам белгісіз жағдайда суға батып кеткен», - деді СҚО ІІД баспасөз қызметінде.