Өңірде бұл сомаға 11 ауылда 7 жоба жүзеге асырылмақ. Биыл сапалы су Қызылжар, Тимирязев, Ғ.Мүсірепов аудандарындағы 9 ауылға жетеді. Ғ.Мүсірепов ауданы Бірлік және Старобелка ауылдарына 2018 жылы тартылады.
Жергілікті билік ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 57,4%-ға жететінін хабарлады. Қазір бұл көрсеткіш - 56,3%.
Биыл Петропавлда ағын су тоғанының дамбасы, кәріз коллекторлары, кәріз сорғы стансасы жөндеуден өтеді. Барлық жұмыстар «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа «Қызылжар су» ЖШС 647,6 млн. теңге бөлді.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында сомасы 442,3 млн теңгеге 5,1 шақырым жылумен жабдықтау желісі салынып жатыр.
«Петропавл жылу жүйесі» ЖШС жылу магистральдарында қазір жоспарлы тексеру жүріп жатыр. Жылу оқшаулағыш ауыстырылады. Антикоррозиялық қорғаныс қойылды.
«Биыл 12,6 шақырым және 5,4 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі. Инвестициялық бағдарлама аясында 1,1 шақырым жылу желілерін ауыстырады. ЕҚҚДБ қарызы және ҚР ҰЭМ бюджеттік субсидиялау есебінен 7 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланған. Жылу желілерін жөндеу жобаларды одан әрі іске асыру қазіргі ескірген құрылғыларды 2020 жылы 66,9%-дан 62%-ға азайтуға мүмкіндік береді», - деді басқармада.