СҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, су тасқынынан зардап шегу қаупі бар елді мекендерге ерекше мән беріледі. Шал ақын ауданында Кіші Таранғұл көлінен қауіп болуы мүмкін. Егер алды алынбаса, көлдің ернеуінен тасыған су Новопокровка ауылының шығыс бөлігіндегі 55 үйді басуы мүмкін.
Көлдегі су деңгейін түсіру үшін су жіберілетін арна қалпына келтірілді. Арнаның 27 километрі тазаланды. Бұдан тыс, су тасуы мүмкін жерлерге ені 5 метр, биіктігі 5 метр келетін 50 метрлік дамба салынды.
Дайындық жұмыстарына облыс әкімдігінен 8 миллион теңге, аудан бюджетінен 1 миллион бөлінді.
21:57, 27 Наурыз 2018
СҚО-да су өткізетін арна қалпына келтірілді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.