АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөніндегі арнайы құрылған комиссияларға 3807 өтініш түскен.
«2972 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады», - деді СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Барлығы 347 тұрғын үй зерттеліп, 125 тұрғын үйге бағалау жүргізілген. Сәйкесінше, жаңа үйлерді салу жоспары бекітілуде.
Оралхан Қожанов
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.