«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» ШЖҚ МКК (Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын) басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деді Арман Тілеукенов агенттікке өткен баспасөз мәслихатында.
Ресми өкілдің айтуынша, соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды және тергеу жалғасуда.
«Лауазымды тұлғалар 2020-2022 жылдар кезеңінде үлестес кәсіпорындармен дауыл желілерін реконструкциялау, сорғы станцияларын жөндеу және арнайы техниканы жалдау бойынша қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды орындауға жалған шарттар жасасу жолымен жалпы сомасы 258 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді», - дейді ол.