Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін таңғы 7:15-те Есіл өзенінен, Қызылжар ауданы Новоникольск ауылынан 10 км қашықтықта суға батып кеткен баланың денесі табылған.
Бала 9 маусымда көз жұмған. Ол Новоникольск ауылының маңындағы көпірден абайсызда өзенге құлап кеткен. Содан бері құтқарушылар, полиция және жергілікті тұрғындар мәйітті іздеуін тоқтатқан жоқ.