СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, эпидемиологиялық маусым, яғни 2023 жылғы 1 қазаннан бастап осы күнге дейін облыста ЖРВИ-ді жұқтырудың 61 201 жағдайы тіркелді. Былтыр бұл диагноз 32 947 сырқатқа қойылған.
Науқастардың 65% немесе 40 мыңға жуығы - 14 жасқа дейінгі бала.
Өңірде тұмауды жұқтырғандардың да қатары артып келеді. Алғашқы жағдай 13 қарашада тіркелсе, қаңтар айының ортасынан бастап ауырғандар саны күрт артты. Қазіргі уақытта облыста А (H3N2) типті тұмаудың барлығы 32 жағдайы тіркелді.
Мамандардың айтуынша, ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі. Мұндайда сырқат өзін-өзі емдемей, медициналық көмекке жүгінуі қажет, дәрігерді үйге шақырып, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Асқынған жағдайда өкпенің қабынуына әкелуі мүмкін.