СҚО-да сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен заңсыз айналысқан компанияға айыппұл салынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Табиғи монополия жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін СҚО-дағы компания әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Компания Шал ақын ауданын  сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысқан.

Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мәліметінше, заңды тұлға табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеуіне қосылмай тұтынушыларға реттелімді қызметтер көрсетіп келген.

«Тіркеуге қосылу туралы  өтініш пен құжаттарды 15 күннің ішінде департаменке әкелмеген. Осыған байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Компанияға 2,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды»,-деп хабарлайды департаменттен.

 Заңнама бұзған компания  белгіленген айыппұлды өтеді.