СҚО-да тағы бір ауыл су астында қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қардың күрт еруі, ағын судың көп мөлшерде келуі салдарынан 2016 жылғы 31 наурызда СҚО Тайынша ауданы Юбилейный және Степной ауылдарының шеткі көшелерін су басты, деп хабарлады ТЖК.

Су басу аймағында 55 аула бар, 167 адам көшірілді. Олар мектепке орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Қауіпсіз жерге 578 мал басы шығарылды.

Ағын суды айдау бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізілуде. Тайынша-Чкалово облыстық маңыздағы жолы арқылы өтетін арнаның  су басқан аумақтарында су ағызу  үшін жыралар тереңдетілуде. 21 бірлік техника, жеке құрамнан 95 адам жұмылдырылды.

Жергілікті атқарушы органдар, ТЖД қабылдаған шаралары нәтижесінде су деңгейі төмендеді. 27 аула тазартылды. Үйлерді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жұмысты СҚО ТЖД бастығы үйлестіруде. Азаматтық қорғаныс, ішкі істер бөлімшелері, билік, басқару органдарының күштері мен құралдары тартылды.

Сондай-ақ Тайынша қаласы және Кирово, Донецкое ауылдары жағынан ағын су келуіне орай 2016 жылғы 1 сәуірде Ясная Поляна ауылының шет жағын су басты. Су деңгейі 10 см.

Су басқан аймақта 18 аула, шаруашылық құрылыстары қалды. Виноградовка - Ясная Поляна - Кирово жолында су айдау үшін қажетті жұмыстар жүргізуде. «Тайынша-Астық» ЖШС-дан 8 бірлік техника жұмылдырылып, 20 адам еңбек етуде.

СҚО ТЖД 112, 52-25-29 телефондары бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желі» ұйымдастырылды.

Қардың күрт еруінен туындаған төтенше жағдайды жоюды жеделдету мақсатында СҚО-ға Астана ТЖД және Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары қосымша жіберілді.