СҚО Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, мерекелік бағдарлама әзір. Өңірде 10 желтоқсаннан бастап Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар басталып кетті. Мәселен Жастар ресурстық орталығы әлеуметтік желіде бейнеқұттықтаулардың байқауын ұйымдастырды.
Музейлерде тақырыптық көрмелер өтіп жатыр. Кітапханалар өз оқырмандары арасында дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырып, тәуелсіздік тақырыбында әңгіме өрбітеді.
Сондай-ақ 11 желтоқсаннан бастап Петропавлда кикбокстан Азамат Нүрпейісовты еске алуға арналған республикалық турнир және Жоғары лиганың әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан Чемпионаты басталды.
13-14 желтоқсан күндері жасөспірімдер арасында шаңғымен жүгіруден облыстық чемпионат өтпек.
15 желтоқсанда шайбалы хоккейден СҚО-ның кубогі өтеді. А.Винокуров спорт сарайында ойынды тамашалауға болады.
Ал 16 желтоқсан күні петропавлда Тәуелсіздік Стеласына гүл шоғын қою рәсімі өтпек.
Дәл осы күні облыс орталығында «Haval» автоорталығы ашылса, Уәлиханов ауданы Кішкенекөлде 16 пәтерлік баспана пайдалануға берілмек.