1958 жылы салынған Тайынша вокзалының ауданы 375-тен 580 шаршы метрге дейін ұлғайды. Станция арқылы аймақты Астана, Алматы, Петропавл, Қарағанды, Қызылорда, сондай-ақ Қырғызстан және Ресеймен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.
Жаңаесіл вокзалы 1960 жылы пайдалануға берілген. Қайта жөндеуден кейін ғимараттың ауданы 429-дан 570 шаршы метрге дейін өсті.
Саумалкөл вокзалы 1966 жылы салынған. Ауданы 207 шаршы метр ғимарат толығымен жаңартылды.
Айта кетейік, Қызылорда облысындағы үш тарихи вокзал жаңғыртудан кейін қайта ашылды.
Қазақстанның 10 өңірінде жаңғыртудан өткен 30 вокзал мен жолаушылар инфрақұрылымы нысаны пайдалануға берілді.