СҚО-да тілсіз жау екі адамды бақилық етті

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат -  21 қараша күні таңертеңгі сағат алты жарымда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Кантемировец ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт сағат 14.23-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы, «Вишневка» ЖШС ерікті өрт құрылымының 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақ 160 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерде 55 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйелдің мәйіттері табылды.