СҚО-да байланыс құралдары мен техникасы бар өртке қарсы ерікті құрылым жасақталды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM - Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Мерген ауылында ҚР ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында заманауи байланыспен жабдықталған өңірдегі алғашқы ерікті өртке қарсы құрылым ашылды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құрылым «Гермес Агро» ЖШС базасында орналасқан. Еріктілердің иелігінде — АЦ-8-40 өрт автоцистернасы, мотопомпа, ауа үрлегіштер, бүріккіштер, қорғаныш экипировкасы бар. Жылытылатын гараж, тұрмыстық үй-жайлар, автономды сумен жабдықтау сияқты барлық қежеттіліктермен қамтамасыз етілген.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Ауыл құтқарушылары бағдарламасы - бұл шалғайдағы елді мекендердің өртке қарсы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты қадам. Біз тіпті ең шалғай ауылдарға да жылдам және кәсіби көмек көрсетуге жағдай жасаймыз», — деп вице-министр Батырбек Әбдішев атап өтті.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Осыған дейін тауға баратын туристер ТЖМ-ге онлайн хабар бере алатыны туралы жаздық.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі