Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Құрылым «Гермес Агро» ЖШС базасында орналасқан. Еріктілердің иелігінде — АЦ-8-40 өрт автоцистернасы, мотопомпа, ауа үрлегіштер, бүріккіштер, қорғаныш экипировкасы бар. Жылытылатын гараж, тұрмыстық үй-жайлар, автономды сумен жабдықтау сияқты барлық қежеттіліктермен қамтамасыз етілген.
«Ауыл құтқарушылары бағдарламасы - бұл шалғайдағы елді мекендердің өртке қарсы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты қадам. Біз тіпті ең шалғай ауылдарға да жылдам және кәсіби көмек көрсетуге жағдай жасаймыз», — деп вице-министр Батырбек Әбдішев атап өтті.
Осыған дейін тауға баратын туристер ТЖМ-ге онлайн хабар бере алатыны туралы жаздық.