СҚО-да түлкілер ауылдарға кіріп, үй жануарлары мен құстарды талай бастады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында түлкілер ауылдарға кіріп кетті.

Фото: Kazinform

Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. 

Түлкілердің елді мекендерге көптеп кіруіне тұрғындар алаңдап отыр. Өйткені олар құтырма сияқты қауіпті аурулардың тасымалдаушысы екені белгілі. Көше кезген бұралқы иттер арқылы ол адамдарға жұғуы мүмкін.

Бұған дейін Қостанай облысындағы елді мекенде түлкінің адамға шауып, қауып алғанын жазған едік. 

Естеріңізге салайық, СҚО-да сегіз айда жануарлардан 1,2 мың адам зардап шеккенін жазған едік.