АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін таңертең Жамбыл ауданы, Пресновка ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, жалын шаруашылық құрылыстарына тарады.
«Қабылданған шаралардың арқасында құтқарушылар газ баллонын өрттен алып шықты. Өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп жазды ведомстводан.
ТЖМ үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.