СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі. Ал сыныптағы оқушы саны 3-20-дан аспайтын шағын мектептер қыркүйекте 14 мың балаға есігін айқара ашпақ. Алайда ауыл мектептері санитарлық талапты қатаң сақтауы қажет.
«Экономияның арқасында маскалар, антисептиктер, дозаторлар, тепловизорлар мен қорғаныс құралдарын алып қою керек. Қазір оқушылардың денсаулығы маңыздырақ. Қажетті емес шығындарды қысқарту керек», - деді Құмар Ақсақалов.
Аудан әкімдеріне мектептерді қашықтан оқуға қажетті интернетпен қамтамасыз ету тапсырылды. Қосымша компьютер де алынбақ. Бүгінге дейін оның 580-і алынды. Тағы 1 мыңға жуығын алу көзделген. Өңір басшысы компьютері жоқ әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылардың тізімін жасап, оқушыларды барлық керек жарақпен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Биыл мектептердің автопаркі де жаңартылмақ. Бүгінде білім ордаларына 24 шағын автобус берілді, оқу жылының басына дейін тағы 19-ы таратылмақ.
Бұдан басқа мектептер бейнебақылау жүйесімен толық қамтылмақшы. Осы мақсатқа бюджеттен 259 млн теңге бөлінген. Сыныптардағы жиһаз да жаңартылып, спорттық құрал-жабдықтар сатып алынады.
«Маман жетіспеушілігі мәселесі облыста толықтай шешілуге жақын. Соңғы үш жылда өңірге 1390 педагог келді. Биыл тағы 315 мұғалім білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасатын болады», - деді өңір басшысы.
Әкімдік отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы шығарылды. Биыл түлектердің 71% ҰБТ-ға қатысты. Облыс бойынша орташа балл – 69,7. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен жоғары.