Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін болған. Үй иесі пешті ерте жауып тастағандықтан, бір үйлі жанға иіс тиді. Отбасының 4, 7, 10 және 12 жастағы төрт баласы аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда олардың өміріне келер қауіп жоқ.
Балалардың 42 жастағы анасы мен 79 жастағы әжесі дәрігердің тексерісінен кейін үйлеріне жіберілді.
«6 сәуірде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті. Олардың арасында бүгін зардап шеккен келіншек те бар. Біздің қызметкерлер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ескерткен болатын. Шарада «Иіс тиюден улану» және «Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шаралары» атты жадынамалар таратылды», - дейді баспасөз қызметінің мамандары.