Өңірдегі демографиялық жағдай жайында ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаменті хабардар етті.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 270,8 мың адам немесе халықтың 51,1% ауылда тұрып жатыр.
Былтыр облыста 5572 нәресте дүниеге келген. Оның 2848 — ұлдар, 2724 — қыздар.
Жаңа туған балалардың 41,4% — Петропавл тұрғыны.
Ал аудандар арасында туу көрсеткіші бойынша Уәлиханов ауданы 16,09 промиллемен алда келеді.
Ең төмен туу көрсеткіші М. Жұмабаев ауданында — 9,12 промилле.
Өткен бір жылда 5898 адам қайтыс болды.
Негізгі өлім себептерінде қан айналым жүйесі ауруларының үлесі жоғары — 15,6% болса, 14,1% — тыныс алу органдарының аурулары, 9,1% — ас қорыту органдарының аурулары, 8,1% — қатерлі ісік және 7,1% жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттану алады.
Былтыр өңірде 3126 жұптың некесі тіркелді.
Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімдерін ескерусіз 674 отбасы ажырасты.