— Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.
Ресми емес мәлімет бойынша, түрме бастығы сотталғанды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету үшін пара алуы мүмкін.
Халық арасында «еркін қоныс» деп аталған № 52 түзеу мекемесі Қызылжар ауданы Ольшанка елді мекенінде орналасқан. 2024 жылдан бері колонияны полковник Рүстем Рахметов басқарған.
Сондай-ақ, жақында Қызылжар ауданы полициясы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы да ұсталды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазіргі уақытта осы дерекке қатысты тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Бұған дейін «Проблемалық кредиттер қоры» басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталғанын жазған едік.