СҚО-да улы сұйықтық ішкен 16 жасар қыз тікұшақпен Петропавлға шұғыл түрде жеткізілді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер 16 жасар қыздың өмірі үшін күресіп жатыр. 

Фото: видеодан алынған скрин

Айыртау ауданы Гусаковка ауылының тұрғыны улы сұйықтықты ішіп қойған. Аман алып қалу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен санитарлық авиация дәрігерлері облыстық балалар ауруханасының қызметкерлерімен бірге жасөспірімді шұғыл түрде Петропавлға жеткізді.

Бұған дейіін Түркістан облысында ыстан уланған ер адамның көз жұмғанын, әйелі ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін жазған едік.