Аталған университеттің кеңейтілген ғылыми кеңесінде ҚР БҒМ Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің ректоры Оңдасын Әшімовтің қызметіне қайта тағайындалғандығы туралы бұйрықты оқып берді.
«Мен аталған іс бойынша сот процесінің болғандығын айтып өткім келеді. Біздің Оңдасын Әшімовпен еңбек шартын бұзу туралы шешіміміз бірінші және екінші сот инстанцияларында заңды деп табылды. Осы шешім күшіне енгеннен кейін, өздеріңізге белгілі конкурс жарияланды. Университеттің жаңа ректоры сайланды. Алайда әрбір адамның конституциялық құқық бар, оны барлығымыз пайдаланамыз. Оңдасын Әшімов те солай жасады. ҚР Жоғары соты біздің шешімімізді заңсыз деп тауып, Оңдасын Әшімовті бұрыңғы қызметіне қайта тағайындау туралы шешім шығарды. Мен Білім және ғылым министрлігі атынан түсінбеушіліктер болғаны үшін одан кешірім сұрнаймын. Кез келген шешім білім ордасының болашағы үшін жасалады, бұған түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймын», - деді Нұрсейіт Байжанов.