СҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері бірнеше ай бойы соңына түсіп, нәтижесінде бұлтартпас айғақпен ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді. Күдіктілер есірткі бизнесімен айналысқан. 

Фото: polisia.kz

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері бірер ай бұрын Петропавлға аса ірі көлемде марихуана мен гашишті жеткізіп, таратып жүрген қылмыстық топтың ізіне түседі. Есірткі Астанадан әкелініп отырған.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Былтыр мамыр айында полицейлер СҚО прокуратурасының келісімімен 8 күдіктіні ұстайды. 35 жастағы жігіт Астана тұрғыны, кейін, оның қылмыстық топты ұйымдастырушы екені анықталған. 

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінікі

«Күдіктілерді ұстау кезінде оларда өздерімен бірге 49 кг 318 гр есірткі, соның ішінде 81 гр гашиш болған. Төртеуі қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері мен жүргізілген көптеген сараптама аяқталды. ҚР Қылмыстық кодексінің – ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, өткізу мақсатында аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз пайдалану бойынша қозғалған іс материалдары сотқа жіберуге дайындалып жатыр», - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.