Қазақстанның аусылсыз ел ретіндегі мәртебесін растау аясында мал шаруашылығын дамыту және отандық ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашылып отыр.
— Өңірдің ветеринарлық желісін жаңғыртуға 1,77 млрд теңге бағытталды. Биыл 57 ветеринариялық пункт және 2 ветеринариялық станса салынуда. Келесі жылы дәл осы көлемде ветеринариялық пункттер салу жоспарланған, — деп хабарлады Үкіметтен.
2026 жылдың соңына қарай жаңа ветеринариялық нысандармен қамтамасыз ету 60%-ға жетеді.
Санитариялық-эпизоотиялық бақылауды күшейту үшін 32 мал қорымы салынуда.
Етті мал шаруашылығы саласындағы 32 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды.
Марат Тасмағанбетовтің айтуынша, қабылданып жатқан шаралар мал басының сау болуын сенімді бақылауды қамтамасыз етуге, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, СҚО-да 1,1 трлн теңгеге 64 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.