СҚО-да ВИЧ жұқтырған мыңнан астам адам есепте тұр

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған мыңнан аса адам диспансерлік есепке алынса, соның 14-і бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖИТСпрофилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық баспасөзқызметінің хабарлауынша, биыл есепте тұрған балалардың саны бірден төрте есегеартқан. Сырқат балалардың көбеюіне олардың еліміздің басқа өңірлерінен, соныңішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп келуі себеп болған.

«ВИЧ жұққанбалалардың ең үлкенінің жасы бүгінде 12-де. 2006 жылы, желтоқсан айында туған.Отбасының тұңғышы. Ата-анасымен тұрады, жалпы білім беретін мектепте оқиды. Антиретровирустытерапиядан өтіп, қажетті дәрі-дәрмекті алып тұрады», - дейді орталықтыңемдеу-профилактикалық жұмыстар және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі ОльгаШилкина.

СҚО-да ВИЧжұқтырған алғашқы бала Қызылжар ауданында анықталған. Дәрігерлердің айтуынша,қыз бала үнемі Мәскеу қаласында ем қабылдаған. Алайда 13 жасында балалар үйіндеқайтыс болыпты.

«Баланың сырқатекенін жария етуге біздің құқымыз жоқ. Әке-шешесі жазба түрде рұқсат бергенжағдайда ғана белгілі бір адамдар хабардар болуы мүмкін. Жалпы ВИЧ сырқаттардыңмәртебесін ашпауды республикалық, қоғамдық ұйымдардың бастамасымен өтетінарнайы семинар-тренингтерде үйретеді», - дейді Ольга Шилкина.

Сәбилерге көпжағдайда инфекция анасынан берілсе, жасөспірімдер есірткі қабылдау барысындажәне ерте жастан қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түскенде жұқтырады.

Ольга Шилкинаныңайтуынша, екіқабат әйелден инфекция табылған жағдайда бірден антиретровирус терапиясынанөтеді. Сәбиге да ВИЧ-ке қарсы дәрілер оның салмағына қарай сироппен беріледі.Егер де емдеу шаралары дер кезінде қолға алынса, көп жағдайда бала ауырмайдыекен.