СҚО-да зауыттар еңбекақыны тамыздан бастап 10-15% өсіреді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ірі кәсіпорындар жұмысшыларына еңбекақыны 10-15%-ға арттырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында СҚОәкімдігінде өңірдің жарты жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуынқорытындылаған отырыста белгілі болды.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жиында халықтың әл-ауқатын өсіруге баса назараударды. Кәсіпорындардың арасында алғаш болып еңбекақыны 1 тамызда «Кироватындағы зауыт» өсірмек.

Бұл жұмыс агроөнеркәсіпсаласында да жүргізілмек.

«Күзгі орақбасталғанша дейін ұжымдық шарттарға өзгерістер енгізуді тапсырған болатынмын. Жұмысшыларыныңеңбекақысы төмен барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер осыны қарастырукерек. Облыста ауыл шаруашылығы дамып келеді. Мемлекеттен орасан қолдаукөрсетіліп жатыр, инвестиция бар. Мұның қайтарымы болып, халықтың кіріс деңгейіартуы қажет. Бұл жұмысты 10тамызға дейін аяқтауды тапсырамын», - деді өңір басшысы.

Ақшасыз төлем жасауөңірде әлі де төмен. Облыс әкімі бұл мәселеге тағы да тоқталып, ақшасыз төлемжасауға көшудің қаншалықты тиімді екенін айтты.

«390 тұрғын үйкооперативі мен қоқыс шығаратын кәсіпорындар бірыңғай төлем жүйесінеенгізілмеген. Айналыста қомақты қолма-қол ақша жүр. Бұл көлеңкелі экономикағаәкелуі мүмкін. Біз арнайы бірыңғай төлем жүйесін құрдық, оған барлықкоммуналдық қызметтерді қосу қажет», - деді Құмар Ақсақалов.

Жастар саясаты туралысұрақты қарастыру кезінде облыс әкімі жастар арасындағы жұмыссыздықтытөмендетіп, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің агротехникалықфакультетіне студенттерді тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.