Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амантай Сейфуллиннiң айтуынша, облыстағы 40 кәсiпорында 154,6 млн. теңге қарыз жиналған. Бұл көрсеткiш бойынша Ақжар (29,5 млн.), Айыртау (27,7 млн.), Мағжан Жұмабаев (23,1 млн.) аудандары алда келедi. Өңiр басшысы берешекке батқан аудандардың әкiмдерiн қатаң сынға алды.
Отырыс соңында облыс әкiмi аудан әкiмдерiне еңбекақы қарызын өтеу бойынша шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды.
«Кәсiпорын басшылары да тиiстi қаражаттарды iздестiрiп, бұдан әрi мұндай жағдайды болдырмауға жұмыс жасау керек. Бұл тапсырмалардың орындалуын облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров қадағалайды»,- делінген облыс әкімдігі мәліметінде.