Тергеуді бастауға ЖШС-ның «Тaxi 2 - ең тиімді такси қызметті әр пайдаланғаныңыз үшін бонустар бар» деген баннердегі сыртқы жарнамасына қатысты департаментке түскен материалдар себеп болып отыр.
Алайда, тексеріс барысында ұқсас қызметті жүзеге асыратын субъектілерде (бәсекелестер) такси қызметінің құны аталған ЖШС ұсынатын бағадан төмен болып шықты.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабына сәйкес, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. Жосықсыз бәсекелестікке көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнамалар жатады.
Осыған орай, департамент ЖШС-ге қатысты тергеуді бастады.