СҚО-да жаңа элеваторды іске қосты (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға жасаған жұмыс сапарының барысында Ерік Сұлтанов «Ақ Нан Север» ЖШС элеваторының іске қосылу рәсіміне қатысты.

Жаңғыртудан кейін ШӨК-ның қуаттылығы 68 мың тоннаны құрады. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ерік Сұлтанов жаңа кәсіпорындарды ашу аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен мәні бар екенін атап өтті. Бұл, ең алдымен - жаңа жұмыс орындарын құру. Элеваторда аймақтың 26 тұрғыны жұмысқа тұрды.

«Компанияның тек Қазақстан аймақтары бойынша ғана емес, Қытай нарықтарына тауарлар экспортын ретке келтіруі маңызды. Олар жолды бірінші болып ашты. Бұл - болашағы бар бағыт», - деді Ерік Хамзаұлы.

Салтанатты іске қосу рәсімінен кейін облыс әкімі элеватордың жабдықтарын қарап шықты.

Сол күні аймақ басшысы Новоишимское ауылындағы Орталық аудандық ауруханаға барды. Аурухана 1979 жылы салынған, күрделі жөндеуді талап етеді. Бүгінде «Жұмыспен қамтудың дол картасы-2020» бағдарламасының аясында жөндеу жұмыстарына 73 млн. теңге бөлінді. Аурухананың бас дәрігерінің м.а. Наталья Карпова облыс әкіміне бұл мәселені жедел шешкені үшін алғысын айтты.

Ерік Сұлтанов сондай-ақ аурухананың жылжымалы медициналық кешені мен реанимобильдер бар көлік паркін қарап шықты.

Одан кейін облыс әкімі Абылайхан, 16 мекенжайына барды. Қазіргі кезде бұл тұрғын үй пәтерлері пеш арқылы жылытылып, шатыры жөндеуді талап етіп отыр. Ерік Сұлтанов қазандықты салуға жарым-жартылай қаржылық көмек көрсетуді уәде етті. Шатыр аймақтарды дамыту бағдарламасының аясында жөнделеді.

Сондай-ақ аймақ басшысы «Новоишим диірмен комбинаты» ЖШС диірмен кешеніне барды. Ол өз жұмысын биылғы жылдың наурызында қалпына келтірді. Мұнда ұнды 2 келілік пакеттерге салып орау желісі орнатылды. Диірмен кешенінің қуаттылығы тәулігіне шамамен 120 тоннаны құрап отыр. Шығарылған өнім Солтүстік Қазақстан облысының базарларына жеткізіледі.